24.11.2025
24 қарашада А.С. Пушкин атындағы № 3 көпсалалы мектеп-лицейінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, "Энергияны үнемдеу-экологияны қорғау", "ЖРВИ және тұмаудың алдын алу" тақырыбында сынып сағаттары өтті. "Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасына сәйкес қараша айы әділдік пен жауапкершілік айы болып белгіленді. Аптаның «Әділетте берік болсаң , аяғың таймайды »дәйексөзі бүкіл мектептің оқу және сабақтан тыс жұмыстарының лейтмотиві ретінде қызмет етеді. Апта сайын оқу аптасының басында "Менің Қазақстаным" іс-шарасы өткізіледі, оқушылар Қазақстан Республикасының әнұранын орындайды. Сондай-ақ, сынып сағаты аясында № 12 қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар "ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу" тақырыбында диктант жазып, профилактикалық бейнені көрді. Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары: Н. Ерещенко.


