Текст
02.03.2010 - Степногорск индустриалды-техникалық колледжінің өкілдері 9-сынып оқушылары арасында мансаптық-бағытталған әңгіме өткізді. Олар колледжде бар мамандықтар, осы мамандықтардың еңбек нарығындағы өзектілігі туралы жан-жақты айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар студенттерге осы колледждің буклеттері таратылды.