"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының А.С.Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-лицей №3 имени А. С. Пушкина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

  

Толығырақ
Қайырымдылық көмек
KZ380704034640473001
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Национальное квалификационное тестирование-2020

2020 жылы білім беру ұйымдары

педагогтерінің ұлттық біліктілік

тестілеуін өткізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес (электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы
18 мамырда жарияланып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142796 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) БҰЙЫРАМЫН:

1. Қағиданың 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) Ұлттық біліктілік тестілеуін (бұдан әрі – Біліктілік тестілеуі) өткізуді жүзеге асырсын.

         2. Ұлттық тестілеу орталығы 2020 жылғы 18 қараша мен 21 желтоқсан аралығында карантиндік шараларды ескере және санитарлық қауіпсіздікті сақтай отырып «U-FUTURE» жауапкершілігі шектеулі әріптестігімен (бұдан әрі - «U-FUTURE» ЖШС) («Аймақтық тетілеу орталығы және педагогикалық құзыреттілік» жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің
2019 жылғы 16 қазандағы № 2 шарт негізінде) бірлесіп Біліктілік тестілеуін өткізсін.

         3. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Біліктілік тестілеуін  өткізу пункттерінің тізімі бекітілсін.

4. Осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия құрамы бекітілсін.

         5.  Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бақылаушы ретінде Біліктілік тестілеуін өткізу барысында қатысатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің тізімі бекітілсін.

         6. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес комбинацияға жататын бейіндік пәндер тізімі бекітілсін.

         7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беруді цифрлық трансформациялау департаменті (Қ.О. Кенбай) Біліктілік тестілеуі  жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін және жүйені  алдын ала тексеру жұмыстарына жауапты деп белгіленсін:

         8. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы (Р.Б. Қайсабаев) Біліктілік тестілеуін өткізу кезеңінде осалдыққа және Біліктілік тестілеуін жүйесінің жұмысына араласу мүмкіндігіне тексерісті жүзеге асырсын.

         9. Ұлттық тестілеу орталығы (Д.Н. Смағұлов):

1) Біліктілік тестілеуін өткізу бойынша нұсқаулық пен тест тапсырмаларының базасын дайындасын;

         2) облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларын онлайн-режимде өтініштер қабылдаумен байланысты педагогтерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін презентациямен және нұсқаулықпен қамтамасыз етсін;

         3) педагогтердің өтініштерін тіркеу үшін 2020 жылғы 14 қарашаға дейін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін;

         4) өтініштерді 2020 жылғы 16 мен 27 қарашаға дейін онлайн-режимде қабылдауды ұйымдастырсын;

         5) өтініштерді қабылдау барысы туралы күнделікті статистиканы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетіне (бұдан әрі – МДОБК) ұсынсын;

         6) Біліктілік тестілеуін  ұйымдастыру және сүйемелдеу үшін6 сондай-ақ пелляциялық рәсімдерді жүргізу, нәтижелерді өңдеу және беру кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін;

         7) 2020 жылғы 16 қарашаға дейінгі мерзімде Біліктілік тестілеуін  өткізу кестесін жасасын және МДОБК-ге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне (бұдан әрі – ЖЖБД), Техникалық және кәсіптік білім департаментіне (бұдан әрі – ТКБД) ұсынсын;

         8) Біліктілік тестілеуі  процесін бақылауды жүзеге асыру және шешімдерді жедел қабылдау мақсатында ұйымдастырылған Ұлттық тестілеу орталығы жанындағы Ахуалдық орталықтың жұмысын қамтамасыз етсін;

         9) Біліктілік тестілеуі аяқталғаннан кейін (10 жұмыс күнінен кешіктірмей) Біліктілік тестілеуі нәтижелері бойынша қорытынды есеп пен статистикалық деректерді (апелляцияны ескере отырып) МОБК, ТКБД, ЖЖБД-ге ұсынсын;

10) Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде қағидаларды бұзғаны үшін педагогтермен олардың дербес жауапкершілігіне қатысты келісім дайындап, жасауды қамтамасыз етсін;

         11) Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастырсын;

12) тестілеу аяқталғаннан кейін апелляцияға өтініштерді қарау және шешім қабылдау үшін қабылдауды ұйымдастыру;      

13) Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін (10 жұмыс күнінен кешіктірмей) Республикалық апелляциялық комиссияның жұмыс қорытындыларын МДОБК-ге, ТКБД және ЖЖБД-ға ұсынсын.

  1.             Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде бақылауды қамтамасыз етсін:
  1. білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз етудің аумақтық департаменттері өкілдерінің кезекшілік кестесін жасасын;

2) педагогтердің Біліктілік тестілеуін тапсыру және іске қосу кезінде білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етсін;

3) Қағиданың 16, 17, 19-тармақтарын орындауын қамтамасыз етсін;

4) бейнебақылау камералары істен шыққан жағдайда тестіленуші педагогтердің аудиториясына қолжетімділігі болсын.

11. Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары:

1) білім беру ұйымдары педагогтерінің өмірі мен денсаулығын сақтауды   қамтамасыз   ету   және   COVID-19   коронавирустық  инфекциясының                                       таралуының алдын алу үшін 2020 жылғы 1 мен 25 желтоқсан аралығында аттестаттаудың екінші кезеңі шеңберінде біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін жүргізу жөніндегі аттестаттау комиссиясының жұмысын қамтамасыз етсін;

2) Аттестациялық комиссиясының жұмысы қатаң бақылауға алынсын;

3) педагогтермен Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде ережелерді бұзғаны үшін олардың дербес жауапкершілігіне қатысты Келісім жасасу туралы педагогтер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін;

12. «U-FUTURE» ЖШС (О.Х. Құспеков) (келісім бойынша):

1) Қағиданың 8-тармағына сәйкес педагогтерді олардың жеке басын сәйкестендіру және педагогтерді өтініш берген кезінде отырғызу орындарын анықтау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеу тәртібімен таныстырсын;

2) Біліктілік тестілеуін өткізу процесінің бейнежазбасына Ұлттық тестілеу орталығының қолжетімділігін қамтамасыз етсін;

3) Біліктілік тестілеуін өткізу үшін мынадай шарттар мен шараларды:

Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде пайдаланылатын өңірлік тестілеу орталықтарының ғимараттарының санитарлық-гигиеналық нормаларына сәйкестігін;

өңірлерде орналасқан тестілеу өткізу пункттерінде педагогтердің өмірі мен денсаулығын сақтау шарттарын;

Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде педагогтер арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз етсін;

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) сәйкес ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беру, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алу құрылғыларын пайдалануды ұйымдастырсын;

әрбір қабаттағы дәліздерде санитайзерлер орнатсын;

ылғалды тазалауды үнемі жүргізсін;

кварцтау, аудиторияларды желдету режимін, санитарлық-дезинфекциялау режимін қатаң сақтасын;

тестіленушілерді 3 дана А4 форматындағы қағазбен қамтамасыз етсін;

тестілеу кезінде құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп тестілеу басталғанға дейін ғимараттың терроризмге қарсы қорғалуын тексеруді ұйымдастырсын;

тестілеу өткізілетін аудиторияларды мобильді және стационарлық интернетпен, түрлі үлгідегі және әсер ету радиусы бар спутниктік сигнал беретін құрылғылармен қамтамасыз етсін;

тестілеу кезінде медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырсын.

13. Біліктілік тестілеуін ақпараттық жүйесінің жұмысын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Р.А. Биғариге жүктелсін.

14. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

         15. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

         Министр                                                                               А. Аймағамбетов

 

 

               

 

Результаты согласования
19.11.2020 08:54:47: Дюсембаева А. Т. (Управление по работе с педагогическими кадрами) - - cогласовано без замечаний
19.11.2020 09:32:05: Мелдебекова М. Т. (Комитет дошкольного и среднего образования) - - cогласовано без замечаний
 

Жаңартылған күні: 23.11.2020 11:27
Құрылған күні: 23.11.2020 11:27

Текст