Текст
16 қыркүйек күні А.С.Пушкин атындағы #3 көпсалалы мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кайкенова Айдана Айтбайқызы мен Есимова Жамиля Сайранқызы, 4А мен 4Б сынып оқушыларымен тіл апталығының аясында "Мен қазақша сөйлеймін" атты интеллектуалды ойын өткізді. Мұғалімдер оқушыларды топқа бөліп, бес кезеңнен тұратын тапсырмалар берді. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенді, жауапты орындады. Сабақ қызықты, әрі танымдылығы көп болды.