Ағымдағы каникул апталығында А.С. Пушкин атындағы № 3 көпсалалы мектеп-лицейінде мұғалімдердің барлық алты мектеп әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер тұрды:
1. 2023-2024 оқу жылының 1 оқу тоқсанын аяқтау қорытындысы;
2. Педагогтерді аттестаттау кезеңін 2023 жылғы қыркүйек-желтоқсан кезеңінен 2024 жылғы қаңтар-тамыз кезеңіне дейін ұзарту.;
3. Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелерінің жобасын талқылау;
4.Әдістемелік бірлестіктер басшыларының "Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыру мақсатында сабақтарда интерактивті панельді және онлайн-құралдарды пайдалану" тақырыбындағы сөз сөйлеуі (жұмыс тәжірибесінен).
Басшының ҒЗЖ жөніндегі орынбасары:
Алия Игиликова