Текст
А.С. Пушкин атындағы № 3 көпсалалы мектеп-лицейдің жоғары санатты химия мұғалімі Наталья Глебовна Шегенева 80 академиялық сағат көлемінде "Химия мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оқу бағдарламасында басты мақсат 10-11 сынып оқушыларына химия пәнінен қиын тақырыптарды зерттеу болды.
Курстарды ұйымдастырушы: Көкшетау қ. "Өрлеу" БАҰО " АҚ.
Әріптесімізге кәсіби жетістіктер мен сәттілік тілейміз!
Басшының ҒЗЖ жөніндегі орынбасары:
Әлия Игиликова