"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының А.С.Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-лицей №3 имени А. С. Пушкина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

  

Толығырақ
Қайырымдылық көмек
KZ380704034640473001
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

29.05.2025

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Балаларға емтиханға дайындалуға қалай көмектесуге болады

Тестілеуге балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз. Және де сынақтан кейін балаңызға сөкпеңіз, сынамаңыз. Балаңызды алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз.

Тестілеу тапсырар алдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар дәл жауапкершілігі мол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар өз жастық кезеңінің ерекшелігіне қарай эмоционалды «жарылуы» мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.    Подбадривайте детей, хвалите их за то, что они делают хорошо.

Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Себебі бала сәтсіздіктерден көбірек қорыққан сайын, қателерді көбірек жіберу мүмкіндігі соғұрлым артады.

 Балаңыздың көңіл-күйін қадағалаңыз, тек Сіз ғана оның күйінің нашарлағанын жақсы сезіп, уақытылы қажудың (переутомление) алдын ала аласыз.

Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс.

 

Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз.

Тамақтануға да назар аударыңыз: қарқынды ақыл-ой еңбегінде дәрумені көп тамақтың септігі мол. Әсіресе балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. мидың жұмысын жақсартады.

 Балаңызға тақырыптарға дайындықты әр күнге бөлуге көмектесіңіз.

Балаңызды емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Материалдың жаттанды мәнін түсінбей, ең негізгі сәттерін қарап, материалдың логикасы мен мәнін ұғып алуға кеңес беріңіз. Қарап жатқан материалды жоспар бойынша тәртіпке келтіріп, қысқа сызбалық жазбалар мен кестелерді жасаудың пайдалылығын көрсетіңіз. Егер балаңыз қиналса, көмектесіңіз. Негізгі формулаларды және анықтамаларды бөлек бетке жазып, жұмыс үстелінің үстіне, төсектің қасына және т.б. жерге іліп қойсын.

   Пән бойынша тест тапсырмаларының әртүрлі нұсқаларын дайындаңыз (қазір тест тапсырмаларының көптеген жинақтары бар). Тестілеу дағдыларын үйретудің маңызы зор, өйткені бұл форма әдеттегі жазбаша және ауызша емтихандардан ерекшеленеді.

   Тест тапсырмалары бойынша жаттығу кезінде жасөспірімді уақытты бағдарлауға және тапсырмаларды уақыт бойынша бөле білуге үйретіңіз. Содан кейін ол тестілеу барысында шоғырлану дағдыларын қалыптастырады, бұл оған тыныштық береді және шамадан тыс алаңдаушылықты жеңілдетеді. Егер сіздің балаңыз сағат тақпаса, оған емтиханға сағат беруді ұмытпаңыз.

   Емтихан қарсаңында ұлыңызға немесе қызыңызға жақсы демалыс беріңіз, ол демалып, дұрыс ұйықтауы керек.

    Емтихан кезінде балаларға мыналарға назар аударуға кеңес беріңіз:

Алдымен барлық мәтінді, олардағы тапсырмаларды бір көзбен жүгіртіп шықсын, ол балаңыздың жұмысқа деген ынтасын жоғарлатады;

Сұрақты бар зейінін қоя оқып, оның мәнін түсінсін (себебі көп жағдайда балалар тестінің бірінші сөзін ғана оқып, сөйлемді соңына дейін қарамай, жауапты таңдай салады);

Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе күмәндансаң, оны белгілеп қой да, кейін, барлық тапсырмаларды орындағанан кейін сол сұраққа оралып, қайтадан істеп көр;

             Егер берілген уақытта сұрақтарға жауап бере алмай жатсаң, ең мүмкін деген жауапты таңда не интуицияңа жүгін.

 

 

Есіңізде болсын: ең бастысы — бұл балыңыздың қажуы мен алаңдатуын түсіру және сабақ оқуға жақсы жағдай жасау.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст